Мұсылмандар бір бейкүнә баланың Мәдинедегі өліміне үнсіздік танытпауы керек
Дін саласындағы танымал тұлғалардың бірі аятолла Лутфолла Сафи Гүлпаигани Мәдине қаласында шиіт баланың бір ваххабиттің қолынан шәһид болғанына байланысты көңіл айтып, осы жабайы қылмысқа қатысты халықаралық қауымдастықтың үнсіздігін айыптады.
Шешесімен бірге Алла елшісінің (с.ғ.с.) мешітін зиярат ету үшін Мәдине қаласына барған 7 жастағы шиіт бала Закария Бадр Әли әл-Джаберді саудиялық ваххабит таксиші айуандықпен өлтірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла Сафи Гүлпаиганидің кеңсесі жексенбі күні мәлімдемеде жариялап: "Мәдине қаласында ислам діні мен адамзатқа қарсы пасық бір адамның қолынан шиіт баланың шәһид болуы сырттай адам сияқты көрінетін осындай жауыздардың болмысын көрсетеді. Өкінішке орай, мұндай адамдар ұзақ жылдар бойы екі қасиетті қаланы басқарып, Құран түскен жерде адамдарды адастырып, қорлап, Құдайдан алыстауға шақырып жатыр",-деді.
Аятолла Сафи Гүлпаигани ислам елдерінен осы мәселеге қатысты ұстаным білдіруді сұрады.