Қарсыласу қозғалысының табандылығы АҚШ-тың жоспарларын жеңіліске ұшыратты
(last modified Sat, 09 Mar 2019 14:22:56 GMT )
Нау 09, 2019 20:22 Asia/Almaty
  • Қарсыласу қозғалысының табандылығы АҚШ-тың жоспарларын жеңіліске ұшыратты

Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла: "2006 жылы АҚШ-тың қарсыласу қозғалысын жою үшін үлкен жоспарлары болды, бірақ қарсыласу қозғалысының табандылығы бұл жоспарларды жеңіліске ұшыратты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Хасан Насролла жұма күні Бейруттің Захия ауданында Исламдық қарсыласу қозғалысын қолдау кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде Ұлыбританияның санкциялары және Хезболла саяси фракциясын лаңкестік топтар тізіміне енгізу тақырыбына тоқталып: "2011 жылы қарсыласу қозғалысына соққы беру басталды. ДАИШ-ты Ираққа қайтарып, Ливан, Палестина мен Йеменге қысымдар жалғасты",-деді.  

Сейіт Хасан Насролла қарсыласу қозғалысына қарсы санкциялардың оның әлсіздігін емес, мықтылығын білдіретінін айтып: "Бұл шаралардың барлығы – АҚШ пен Израильдің жоспары. Аймақ елдері осы жоспарларды орындау үшін құрал болды",-деді.

Хезболланың бас хатшысы АҚШ-тың қарсыласу қозғалысына қарсы санкцияларының артуы ықтимал екенін айтып: "Қарсыласу қозғалысы аймақтағы кейбір елдер қолданған америкалық-израильдік жобаны жеңіліске ұшыратты",-деді.