Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Сирияға сапар шекті
(last modified Mon, 18 Mar 2019 11:15:45 GMT )
Нау 18, 2019 17:15 Asia/Almaty
  • Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Сирияға сапар шекті

Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мұхаммад Бақери жоғары деңгейлі әскери делегацияны басқарып, Иран, Ирак және Сирия Қарулы күштері Бас штабтары басшыларының лаңкестікпен күресу жолдарын қарастыруды мақсат еткен үшжақты отырысына қатысу үшін Сирияға сапар шекті.

 

Қорғаныс және әскери ынтымақтастықтарды нығайту, лаңкестікпен күрес тақырыбында кеңесу, лаңкестік топтарға қарсы үшжақты әрекеттерді4 үйлесімділігін арттыру мен аймақты қауіпсіздік және тұрақтылықпен қамтамасыз ету саласында жуырда жасалған жұмыстарды қарастыру Бақеридің Сирия сапарының мақсаттарының қатарын құрады. Ирак пен Сирия және Иран  арасындағы лаңкестікке қарсы күрестегі ынтымақтастық бұл сұм құбылысқа қарсы күрес үдерісіне оң әсер етті. ДАИШ-ке қарсы америкалық коалиция үгіт-насихаттан басқа аймақтағы лаңкестікті жоюға еш көмектеспегенімен қатар ДАИШ-пен шынайы күресіп, оны толық жою жолында кедергі тудырды.

Ресейдің Саяси және стратегиялық зерттеу институтының басшысы Владимир Захаров АҚШ-тың лаңкестерді қолдауына тоқталып, бұл қолдаудың себебін Вашингтонның аймақтағы қайшылықтарды арттыруды қажет етуі деп атап, Трамп үкіметінің билік басына келуімен бұл саясатты ұстанып келе жатқанын  қуаттады.  Сондықтан Ирак пен Сириядағы лаңкестік тамырының лаңкестермен күресіп отырған елдердің талпынысымен жойылуына байланысты Сирия үкіметінің шақыруынсыз бұл елде орналасқан күштер Сирия жерінен шығуы керек.

Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мұхаммад Бақери Иран, Сирия мен Ирактың үш жақты отырысында Сирияға ел үкіметінің рұқсатынсыз енген күштердің кетуі туралы мәселе қарастырылатынын айтып:

 

 

«Өкінішке орай, Сирия заңды үкіметінің рұқсатынсыз өз күштерін осы кезге дейін Сирияда қалдырып отырған мемлекеттер бар. Отырыста сол елдердің күштерін қалдырғысы келсе, Сирия үкіметінен рұқсат алу қажеттігі қуатталады. ИИР Сирияға ел үкіметінің ресми шақыруымен  еніп отыр. Шығыс Евфрат, Идлиб облысы мен басқа мекендер туралы шешім қабылданып, заңсыз енген күштер елден тез арада кетуі керек» деді.

Тәжірибе аймақтық ынтымақтастықтардың лаңкестік, тынышсыздық пен экстремизмге қарсы күресетін жалғыз жол екенін көрсетті. Бұл салада Иран кеңесшілерін жіберіп, ДАИШ лаңкестік тобымен шынайы күресіп отырған Сирия мен Ирак халықтарына айтарлықтай көмектесті.

Сирия мен Ирак армияларының Ресей мен Иранның қолдауымен ДАИШ лаңкестік тобына қарсы жүргізіп отырған шынайы соғысы – лаңкестіктің таралуының алдын алу саласындағы сындарлы үлгі.  Қазіргі жағдайда Иран, Ирак пен Сирияның ынтымақтастықтары нәтижеге жетті. Саяси сарапшылардың пікірі бойынша, аймақ елдері лаңкестікпен күрес саласында өз күштеріне сүйенуі қажет. Сол себепті де Иран, Сирия және Ирактың үшжақты ынтымақтастықтары лаңкестікке қарсы күресте сындарлы нәтижеге жетті.  

 

 

 

 

Тегтер