Палестиналық күрескерлер Тель-Авивке зымырандық шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i41635-Палестиналық_күрескерлер_Тель_Авивке_зымырандық_шабуыл_жасады
Бұқаралық ақпарат құралдары палестиналық күрескерлердің Тель-Авивтің солтүстік аймақтарына зымырандық шабуыл жасағанын, кемінде 7 сионистің жараланғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 25, 2019 18:34 Asia/Almaty
  • Палестиналық күрескерлер Тель-Авивке зымырандық шабуыл жасады

Бұқаралық ақпарат құралдары палестиналық күрескерлердің Тель-Авивтің солтүстік аймақтарына зымырандық шабуыл жасағанын, кемінде 7 сионистің жараланғанын хабарлады.


Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, The Associated Press зымырандық шабуыл туралы қауіп-қатер дабылы естілген соң Тель-Авивтің солтүстігіндегі Хашарун аймағында жарылыс естілгенін, сионистік режим армиясының Газадан зымыран атылғанын хабарлағанын жариялады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Тель-Авивтің солтүстік аймақтарында қауіп-қатер дабылы естілгеннен бірнеше минуттан кейін бұл аймаққа зымыран атылды. AlHadath телеарнасы: «Израильдің зымыранға қарсы «Темір күмбез» жүйесі Газадан атылған зымыранды ұстай алмады»,- деп хабарлады.