Кувейт Иранда селге ұшырағандарға алғашқы гуманитарлық көмек жүгін жіберді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i41730-Кувейт_Иранда_селге_ұшырағандарға_алғашқы_гуманитарлық_көмек_жүгін_жіберді
Кувейт елшілігі елінің Иранда селге ұшырағандарға алғашқы гуманитарлық көмек жүгін, соның ішінде 40 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек жібергенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 06, 2019 18:57 Asia/Almaty
  • Кувейт Иранда селге ұшырағандарға алғашқы гуманитарлық көмек жүгін жіберді

Кувейт елшілігі елінің Иранда селге ұшырағандарға алғашқы гуманитарлық көмек жүгін, соның ішінде 40 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек жібергенін хабарлады.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Теһрандағы Кувейт елшілігі осы мәлімдемеде: "5 сәуірден бастап Иранға гуманитарлық көмек жіберіп, жәрдемдесу үшін әуе жолы ашылды. Бастапқы кезеңде 40 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберілді. Содан кейін көптеген қайта жөндеу және дамыту көмектері, сондай-ақ,  мобильді медициналық клиникалар, жедел жәрдем көліктері мен су сорғыш аппараттар жіберіледі.

Кувейт әмірінің бұйрығымен жіберілген көмектер екі ел мен халық арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын көрсетеді. Бұл Кувейт халқының Иран халқына жасаған сыйы",-деп жазылды.