Асад: АҚШ-тың қателіктері – Батыс Азиядағы тұрақсыздықтардың факторы
(last modified Wed, 17 Apr 2019 08:46:15 GMT )
Сәу 17, 2019 14:46 Asia/Almaty
  • Асад: АҚШ-тың қателіктері – Батыс Азиядағы тұрақсыздықтардың факторы

Сирия Президенті Башар Асад Батыс Азиядағы тұрақсыздықтардың негізгі себебінің бірі ретінде АҚШ-тың аймақтағы орналасуы мен аймақ елдерінің ішкі істеріне араласуын атады.

Башар Асад сейсенбі күні Дамаскте Иран СІМ Мохаммад Джавад Зарифпен кездесуінде АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы әрекетін айыптап: «АҚШ пен кейбір Батыс мемлекеттері басшыларының саясаттары Иран, Сирия мен одақтастарының өз халықтарының құқықтары мен мүдделерін талап етуен бас тартуына себеп болмайды»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Голан жоталарына қатысты шешімін айыптап: «Бұл шешім Вашингтонның басып алынған Құдс және Ислам революциясы Сақшылар корпусына қатысты шешімдерінен тысқары емес. Бұл шешімдердің барлығы АҚШ-тың аймақтағы саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанын көрсеетді. АҚШ-тың аймақтағы әрекеті Иран мен Сирияның аймақ пен халықаралық деңгейдегі, әсіресе аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатысты саясаттарын үйлестіру талпыныстарын арттыруына жеткізді»,- деді.

Зариф Сирия басшыларымен кездесуінен кейін Түркияға келді.