Пезешкиан: Сирия халқы өз елінің болашағын шешуі керек; Түркия – Американың содырлармен байланысы
(last modified Mon, 09 Dec 2024 12:14:51 GMT )
Жел 09, 2024 18:14 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Сирия халқы өз елінің болашағын шешуі керек; Түркия – Американың содырлармен байланысы

ParsToday – Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сириядағы оқиғаларға қатысты: «Сирия мен Башар Асад үкіметінің құлауы жағдайында таңғаларлық жағдай Сирия армиясының қарулы топтармен күресуге дәрменсіздігі және екіншіден, бұл елдегі оқиғалардың жылдамдығы болды», -деді.

Сионистік режимнің Сириядағы 100-ден астам нысанаға жасаған шабуылдары, Еуроодақтың Башар Асад үкіметінің құлауын құптауы, Тахрир әш-Шам тобын АҚШ-тың лаңкестік тізімінен шығару мүмкіндігі, Арағчидің Сириядағы соңғы өзгерістерге қатысты мәлімдемелері, Башар Асад пен оның отбасының Мәскеуде болуы, Сириядағы соңғы оқиғаларға қатысты ParsToday ұсынып  отырған хабарлар.  

 

Пезешкиан: Сирия халқы өз елінің болашағын шешуі керек

Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан жексенбі күні кешке Иран үкіметінің отырысында Сириядағы өзгерістерге тоқталып, осы елдің бірлігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қуаттап: «Өз елінің болашағын және оның саяси және үкіметтік жүйесін Сирия халқы шешуі керек»,- деді.

 

Арақчи: Сирия армиясының қабілетсіздігі мен өзгерістердің жылдамдығы таң қалдырды/ Хезболла қиындыққа ұшырамайды

Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи жексенбі күні кешкісін Сириядағы өзгерістер туралы: « Сирия мен Башар Асад үкіметінің құлауы жағдайында таңғаларлық жағдай Сирия армиясының қарулы топтармен күресуге дәрменсіздігі, екіншіден, бұл елдегі оқиғалардың жылдамдығы болды»,- деді.

Арақчи Қарсыласудың мектеп және арман екенін және оның Сириясыз да өз жолын таба алатынын баса айтып: «Ливан Хизболласының бір-екі жылдан астам уақыт бойы төтеп бере алатындай қару-жарағы, техникасы мен құралдары бар. Сириядағы оқиғалармен Ливан Хизболласы әлсірейді деуге келмейді»,- деп мәлімдеді.

 

Сионистік режим Сириядағы 100 нысанға шабуыл жасағанын мәлімдеді

Al-Alam арнасының хабарлауынша, Израиль армиясы кеше Сириядағы 100-ден астам нысананы нысанаға алғанын хабарлады. Сионистік режимнің мәлімдемесіне сәйкес, бұл нысандар Сирия армиясына, соның ішінде әуе қорғаныс жүйелеріне тиесілі болды.

Сонымен қатар, ақпарат көздерінің хабарлауынша, сионистік армия Сирияның Кунейтра провинциясындағы Баас және Хадар қалаларын басып алды. Сондай-ақ БАҚ сионистік армияның Сирияның Дара қаласына қарай жылжуы туралы хабарлауда.

 

«Тахрир аш-Шам» тобы АҚШ-тың террористер тізімінен шығарылу ықтималы

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Америкалық басшылардың бірі елдің Сирияны бақылауға алғаннан кейін «Тахрир аш-Шам» тобымен өзара әрекеттесу ниеті туралы мәлімдемесімен бір мезгілде басқа бір лауазымдағы шенеунік бұл топтың АҚШ-тың лаңкестер тізімінен шығарылуы алыс емес екенін айтты.

 

New York Times: Америка Түркия арқылы Сириядағы қарулы топтармен байланысқа шықты

«Нью-Йорк Таймс» газеті жексенбіге қараған түні былай деп жазды: «Америка Құрама Штаттары Түркия арқылы Сириядағы бүлікші топтармен байланыста болды және қазір олармен кең көлемде әрекет етуді талқылап жатыр».

New York Times газетінің хабарлауынша, бастапқы хабарламалар топтарға «не істеуге болмайтынын» айтуды мақсат еткен.

 

Еуроодақ Башар Асад үкіметінің құлауын құптады

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат бөлімінің басшысы Кая Каллас жексенбі күні X әлеуметтік желісіндегі жолдауында Сириядағы Башар Асад үкіметінің құлауын оң бағалады.

 

Йеменнің Ансаролласы сионистік режимнің Сирия жеріне шабуылын айыптады

«Әл-Аламның» хабарлауы бойынша, Йеменнің Ансаролла қозғалысының саяси кеңсесі жексенбі күні түнде мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Сирия жеріне шабуылын қатаң айыптады. Йемен Ансаролласының мәлімдемесінде: «Бұл басқыншылықтың мақсаты осы елдің қазіргі жағдайын теріс пайдалану арқылы Сирияға жаңа шындықты таңу»,- деп айтылды.

 

Башар Асад отбасымен бірге Мәскеуде

Ресейдің Бірінші арнасы жексенбі күні Кремль сарайына сілтеме жасап, Башар Асад пен оның отбасы мүшелерінің Мәскеуде екенін хабарлады.