Африка Қатардың Арабстан мен БАӘ-мен бәсекелестігін жалғастыратын алаңға айналды
(last modified Tue, 30 Apr 2019 14:36:57 GMT )
Сәу 30, 2019 20:36 Asia/Almaty
  • Африка Қатардың Арабстан мен БАӘ-мен бәсекелестігін жалғастыратын алаңға айналды

Қатар үкіметі Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің Ливияның ішкі істеріне араласуын сынап, сондай-ақ, осы екі елдің Мароккомен байланыстарындағы қайшылықтарды пайдаланып, Африкада өз ықпалын арттыруды көздеп отыр.

 

Ливияның Ұлттық армиясының қолбасшысы Халифе Хафтар 4 сәуірде елдің астанасы Триполиге шабуыл жасады. Сөйтіп, Ливияда Фаиз Сарадж басқаратын ұлттық Вафақ үкіметі мен Хафтар қолдайтын елдің шығысындағы  Тобрук үкіметі арасында жаңа қақтығыстар орын алды. Осы уақытқа дейін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі  және Мысырдың Халифа Хафтардың әрекеттерін қолдағаны туралы көптіген мәлімет жарияланды. Фаиз Сарадж бен ұлттық Вафақ үкіметінің кейбір басшылары сан рет шетелдік ойыншылардың Ливия Армиясы қолбасшысына қолдау көрсетуін сынады. Әлемдік қоғам ресми танитын Ұлттық Вафақ үкіметін қолдайтын Қатар үкіметі  бірнеше рет  Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі  және Мысыр  үкіметтерінің Ливан дағдарысы туралы ұстанымдарын сынап, оларды Ливиядағы қақтығыстардың күшеюіне себеп болды деп атады. Осы салада Қатар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдуррахман 29 сәуірде Твиттерде Ливиядағы шабуыл мен өзгерістерді "саяси қайшылық" деп атап: "Лаңкестікпен күресу туралы уәж айтатын кейбір мемлекеттер өздерінің лаңкестік құралдарын араб халықтарына қарсы пайдаланып жатыр",- деп жазды. Қатар Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы  мен БАӘ-нің лаңкестікті қолдайтынын ескертті. Өйткені бұл мемлекеттер Қатар мен Иран секілді елдерді айыптау арқылы лаңкестікке қарсы күресу туралы уәж айтып отыр.

Қатар Ливиядағы ықпалын арттыруымен бірге Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің Мароккомен арасындағы қайшылықтарын пайдаланып, Рабатта өз ықпалын арттыруға талпыныс жасауда. Сауд Арабиясының al-Arabia арнасының бөлінуді талап ететін Батыс шөлі туралы деректі фильмінен кейін Сауд Арабиясы мен Марокконың қарым-қатынасында қайшылық туды. Кейбір ақпарат құралдары: "Рабат Риядтағы өз елшісін шақыртып, Йеменге қарсы саудиялық коалициядан шықты",- деп хабарлады. Біріккен Араб Әмірлігі де өткен аптада Марокконың астанасы Рабаттағы елшісін елге шақыртып, бұл әрекетті "төтенше биліктің шешімі" деп атады. Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің бұл әрекеттеріне қарсы Қатар Әмірі Шейх Тамим бен Ахмад әл-Сани Мароккомен қарым-қатынасты арттыруды басты мәселе санап, Рабатқа елшісін сайлады.  

Қатардың сыртқы саясатындағы оқиғалар Доханың Саудия, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн мен Мысырдың қоршауы мен санкцияларынан туындаған қиындықтардан өтуімен бірге, бұл төрт араб елінің  қарым-қатынасындағы қайшылықтардың жалғасуына кетәрі емес екендігін көрсетеді. Қатар бұл қайшылықтарды Рияд пен Абу-Даби қарым-қатынасынан қиындық көрген елдермен керісінше байланысты нығайтуға пайдаланып жатыр. Басқаша айтқанда, Қатар төрт араб мемлекеті арасындағы  қайшылықтардың жалғасуын басқа елдердегі, әсіресе америкалық мемлекеттердегі ықпалын арттыру үшін мұрсат санап отыр.