Зариф Дохаға келді
(last modified Wed, 01 May 2019 15:42:49 GMT )
Maм 01, 2019 21:42 Asia/Almaty
  • Зариф Дохаға келді

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Азия ынтымақтастығы диалогы" форумына қатысу үшін Қатардың астанасы Дохаға келді.

Азиялық елдердің басты мәселелерінің бірі – ұжымдық тұрақтылық пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтарын нығайту. Азия құрлығы мүмкіндіктері мен мәдениеттерінің түрлілігіне қарамастан экономикасы жылдамдықпен дамып, кедейшілік, есірткі өндірісі, тұтыну, лаңкестік және тұрақсыздық мәселелерімен бетпе-бет келіп отыр. Әсіресе Азия құрлығының батысын дағдарысқа тіреп отырған ең үлкен мәселелердің бірі – зорлық-зомбылық. Сондықтан саяси және экономикалық дағдарыстармен бетпе-бет келген кезде барлық мүмкіндікті пайдалану қажет. "Азия ынтымақтастығы диалогы" форумы және Азия елдері парламентаралық ассамблеясы – азиялық елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқара алатын органдар.

Иранның көзқарасы бойынша, Азия құрлығының шығысы мен батысының қауіпсіздігі бір-бірінен ажырамайтын мәселе. Азияның шығысы мен батысындағы лаңкестік оқиғалар мен Йемендегі жазықсыз әйелдер мен балаларды бомбалау секілді апаттар мен сионистік режимнің Палестинадағы қылмыстарының жалғасуы тоқтатылуы тиіс мәселелер. Бөгде елдердің араласу әрекеттері бүкіл Азияның қауіпсіздігін қауіп-қатерге тірейді. Осындай жағдайда  "Азия ынтымақтастық диалогі" форумының отырысы қоқан-лоққыларды зерттеу үшін мұрсат саналады.  

Иранның Әзірбайжандағы бұрынғы елшісі Мохсен Пакайин азиялық  елдермен қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттап: "Азиялық мемлекеттер әлемнің басқа елдеріне өздерінің құндылықтарын таңбайды",- деген болатын. Мәдени тұрғыдан да азиялық елдер ерекше мүмкіндіктерге ие болғандықтан өзара байланыстарын нығайтып, маңызды тақырыптарға қатысты көзқарастарын жақындата алады. Экономикалық тұрғыдан да азиялық елдердің қарым-қатынастары стратегиялық маңызға ие. Өткен жылдардағы Азиядағы экономикалық даму энергетикалық сұраныстарды арттырды. Сондықтан әлемде Азияның энергетикалық сұранысы ең жоғары.  Иран Азияның Еуропа мен Африка арасындағы көпір ретінде танымал. Иран Шығыс пен Батыс арасындағы транзит және Иранның солтүстігіндегі елдер мен Парсы шығанағы арасындағы қарым-қатынастары үшін өте маңызды ел саналады. Сол себепті АҚШ халықаралық заңдарға қайшы  біржақты саясаттары және санкцияларымен стратегиялық ынтымақтастықтарға тосқауыл жасауға күш салып жатыр.