Сионистік режим палестиналықтармен атысты тоқтату бітімін қабылдауға мәжбүр болды
Палестина ақпарат құралдарының бірі әлем елдері қоғамдық пікірінің қысымымен сионистік режимнің атысты тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің Paltoday ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, БҰҰ мен Мысырдың талпыныстарымен Каирде палестиналық қарсыласу топтары мен сионистік режим армиясы келісімге келді. Келісім бүгін дүйсенбі күні таңертеңнен бастап іске асырылды. Атыстың тоқтатылуы жарияланбай тұрып палестиналық ақпарат көздері: «Палестинаның қарсыласу топтары Израильмен келісім жасап, атысты тоқтату бітімін қабылдамайды. Каирдегі ХАМАС пен Исламдық жиһад делегациялары Тель-Авивтің бұрынғы атысты тоқтату туралы келісімдерді ешбір шартсыз орындауы керектігін талап етіп отыр»,- деп хабарлаған болатын.
Бес палестиналықтың қаза болып, жүзден астам азаматтың жаралануына себеп болған сионистік армияның Газа секторына қарсы шабуылдарына жауап ретінде қарсыласу ағымы зымыран атып, нәтижесінде бірнеше сионист өлімге ұшырағаннан кейін сионистік режим палестиналық топтармен атысты тоқтатуға келісті.
Палестина Денсаулық министрлігінің мәліметі бойынша, өткен екі күндегі Палестина қарсыласу топтары мен сионистік режим арасындағы қақтығыстардың салдарынан 25 палестиналық шәһид болып, 170 азамат жараланды.