Сирияда "әл-Каусар" халықаралық телеарнасының тілшісі жараланды
(last modified Sat, 11 May 2019 10:55:57 GMT )
Maм 11, 2019 16:55 Asia/Almaty
  • Сирияда

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты "әл-Каусар" халықаралық телеарнасының тілшісі Сахиб әл-Месри жұма күні Сирияның батысында орналасқан Хома облысының солтүстік-батыс майданындағы жағдайды баяндап жатқан кезде оқ тиіп, жараланды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сахиб әл-Месри бас және кеуде тұсынан жараланған. Бұл тілші осыдан бұрынырақ Сирияның Африн ауданында түркиялық әскерилер тарапынан жараланған болатын.

Сириядағы дағдарыс 2011 жылы Сауд Арабиясы, АҚШ пен оның одақтастарының қолдауына ие лаңкестік топтардың аймақтық теңгерімді сионистік режимнің мүддесіне қарай өзгерту үшін жасаған ауқымды басқыншылығынан кейін басталды.

Осы аралықта Сирияда әртүрлі ақпарат құралдары, соның ішінде  ИИР ақпарат құралдарына тиесілі ондаған тілші қаза болды немесе жараланды.   

Тегтер