Трамп Сауд режимін кемсітуін қайталады
(last modified Mon, 13 May 2019 12:04:37 GMT )
Maм 13, 2019 18:04 Asia/Almaty
  • Трамп  Сауд режимін кемсітуін қайталады

АҚШ Президенті бопсалау екпінімен Сауд режимін кемсітуді жалғастырды.

"Әл-Минар" телеарнасының мәліметінше, АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы  басшыларына қауіпсіздік үшін ақша төлеу қажеттілігін қуаттады. Трамп: "Сауд Арабиясы  сынды мемлекеттерде ақшадан басқа еш нәрсе жоқ",- деді. Трамптың айтуынша, "олар өздерін қорғау үшін ақша бере алады және береді, олар көптеген қару сатып алып, 450 миллиард доллар төлейді". Трамп бұдан бұрын да Сауд режимін кемсіткен болатын. АҚШ Президенті бұл кемсітулерді ақша мен сайлауда дауыс жинаудың құралы деп біледі. Сауд режимі Вашингтонның қолдауына ие болу үшін абыройы мен байлығынан айырылуда.