Тахтраванчи: АҚШ Сириядан шығуы керек
(last modified Sat, 18 May 2019 09:24:46 GMT )
Maм 18, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи: АҚШ Сириядан шығуы керек

Иран БҰҰ-дағы тұрақты өкілі жұма күні осы ұйым Қауіпсіздік кеңесінің Сирияның Идлиб облысы туралы отырысында АҚШ-тың Сириядағы заңсыз әскери құзырының тоқтатылуын талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Маджид Тахтраванчи, сондай-ақ, Иранның Астана үдерісінің кепілгерлерімен (Ресей мен Түркия) бірге Сирияның солтүстігіндегі Идлибте қауіпсіз аймақтың болуын жалғастыруды қолдайтынын айтып: «Идлибте қауіпсіз аймақтың болуы Сирия үкіметінің осы облыстағы лаңкестермен күресіне еш қатысы жоқ»,-деді.   

Иран БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Идлибте қауіпсіз аймақ құру лаңкестік топтарға пана дайындау үшін емес, бейбіт тұрғындарды қорғау үшін атқарылған уақытша шара еді»,-деп еске салды.

Тахтраванчи лаңкестердің қазір Идлиб облысында жүздеген бейбіт тұрғынды кепілдікке алғанын айтып: «Лаңкестердің осы аймақты басып алуы және олардың әскери күштер мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауы шексіз жалғаса алмайды, жалғаспауы керек»,-деді.  

Тегтер