Иран Сыртқы істер министрі әлем шиіттерінің бірінші имамының шәһид болған күніне орай өткен аза тұту рәсіміне қатысты
(last modified Mon, 27 May 2019 09:32:05 GMT )
Maм 27, 2019 15:32 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі әлем шиіттерінің бірінші имамының шәһид болған күніне орай өткен аза тұту рәсіміне қатысты

Иран Сыртқы істер министрі Кербалада әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әлидің (ғ.) шәһид болған күніне орай өткен аза тұту рәсіміне қатысты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке Кербаладағы қасиетті жерлерді зиярат етіп, имам Хосейн (ғ.) мен хазірет Абулфазл Аббас (ғ.) кесенелерінде болып, ирандық және ирактық зияратшылардың бір тобымен сұхбаттасты.

Зариф Ирактың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, келіссөз өткізгеннен кейін жексенбі күні қасиетті жерлерді зиярат ету мақсатымен Кербалаға аттанды.

Иран Сыртқы істер министрінің Иракқа үшінші сапары АҚШ-тың аймақта арандатушы және текетірес тудырушы әрекеттері күшейген жағдайда және сондай-ақ, Вашингтон мен кейбір араб елдерінің Иракта тынышсыздық пен қауіп-қатер артқаны туралы ақпарат таратып жатқан жағдайда жүзеге асырылды.  

Тегтер