Зарифтің кезеңдік сапары – Азия дипломатиясының көрінісі
Иран Сыртқы істер министрі дос әрі көршілес елдермен қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттау және Теһранның аймақтық саясаттарын түсіндіру мақсатындағы аймақтық кеңесулердің жалғасында Бағдадта Ирактың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасты.
Мұхаммад Джавад Зариф Азияның шығысы мен оңтүстігіндегі бірнеше елге сапардан кейін жексенбі күні Бағдадта Ирактың Президенті және Премьер-министрімен шағын кеңес өткізді.
Иран Сыртқы істер министрінің Иракқа сапарымен бір мезгілде Зарифтің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи Маскатта Оман Сыртқы істер министрі Юсеф бен Алавимен кездесіп, сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрінің Азия және араб елдеріне кезеңдік сапары барысында Иранның сыртқы саясатындағы екі маңызды принцип – диалог пен өзара құрметті баса айтуы ИИР үшін аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Осы салада Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи жексенбі күні Маскатта Оман Сыртқы істер министрімен кездесуінде: "ИИР Парсы шығанағы аймағындағы елдердің барлығымен өзара құрмет пен ортақ мүдделер негізінде тең әрі сындарлы қарым-қатынас орнатуға дайын",-деді.
ИИР Батыс Азия аймағындағы әсерлі әрі айбынды ел ретінде әрдайым осы стратегиялық аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жолында қадам жасап келеді. Аймақтық диалогтар мен қауіпсіздікті жергіліктендіру – Иранның сыртқы саясатындағы басты принцип.
Бағдадта өткен Ирак Сыртқы істер министрімен ортақ баспасөз конференциясында Зарифтің Парсы шығанағы аймағындағы елдердің бір-біріне басқыншылық жасамауы туралы аймақтық келісімшартқа қол қоюға Иранның әзір екенін айтуы бұл ел ниетінің таза екенін, тату тірлік принципін құрметтейтінін көрсетеді.
Осы арада АҚШ-тың Иранды аймақта бүлдіргі рөлге ие ел ретінде таныстыруға талпынысы "Ираннан үркіту" жобасы аясында кейбір араб елдеріне көбірек қару-жарақ сату мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Трамп үкіметінің Батыс Азиядағы мақсаты – қауіпсіздікті коммерцияландыру, соның саясында Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің мұнайдан түскен долларларын АҚШ-қа жөнелту. Трамп үкіметі осы жолда қысымды арттырып, Иранды қауіпті деп таныстыру арқылы арабтың бағынышты режимдерін АҚШ-тан әскери жабдықтарды бұрыннан да көбірек сатып алуға көндіруге күш салып жатыр.
АҚШ-тың бұл саясаты Батыс Азия мен Парсы шығанағы аймағының бейбітшілігі мен тұрақтылығына қатер төндіріп отыр. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уэнди Шерман осы елдің Батыс Азиядағы жуырдағы әрекетіне реакциясында: "АҚШ-тың аймақтағы тактикасы негізсіз",-деді.
Осындай жағдайда Иран Сыртқы істер министрінің өз елінің тұрақтылық орнатуға бағытталған саясатын түсіндіру мақсатында Қытай, Үндістан, Пәкістан және Иракқа жасаған кезеңдік сапарының маңыздылығы арта түседі.