Рухани: «Ғасыр мәмілесі» –Палестина арманын жоюға бағытталған қастандық
(last modified Sat, 01 Jun 2019 07:11:51 GMT )
Маусым 01, 2019 13:11 Asia/Almaty
  • Рухани: «Ғасыр мәмілесі» –Палестина  арманын жоюға бағытталған қастандық

ИИР Президенті: «Ғасыр мәмілесі» – Палестина арманын жоюға, сионистердің барлық ислам елдеріне экспансиясын күшейтуге бағытталған қастандық»,-деп қуаттады.

Хасан Рухани кеше, жұма күні Меккеде өткен Ислам ынтымақтастық  ұйымының отырысына қатысқан ислам елдері басшыларына жолдаған хатында оларды Құдсты мұсылмандардың алғашқы құбыласы ретінде сақтап қалуға талпынуға шақырып: «Ислам елдері басшылары бұл мұрсатты «Ғасыр мәмілесі» қастандығымен күресіп, Палестинаны қорғау үшін пайдалануы керек»,-деді.

Иран Президенті: «Ислам елдері сионистік режим тарапынан мұсылмандардың алғашқы құбыласын басып алу мәселесінің шетке ысырылып, сионистердің Құдста билік орнатуына жол бермеуі керек»,-деді.

Рухани: «Ғасыр мәмілесі» қастандығын жобалаушылар Палестина халқының заңды құқығын аяққа таптау арқылы Палестина арманын мәңгіге жойып, сионистердің ислам әлемі мен араб елдеріне үстемдік етуіне жағдай жасауға талпынып жатыр»,-деді.