Ислам ынтымақтастық ұйымы Құдс пен Голан жоталарын «басып алынған жерлер» деп жариялады
(last modified Sat, 01 Jun 2019 10:22:28 GMT )
Маусым 01, 2019 16:22 Asia/Almaty
  • Ислам ынтымақтастық ұйымы Құдс пен Голан жоталарын «басып алынған жерлер» деп жариялады

Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиты сенбі күні Меккеде мәлімдеме жасап, өз жұмысын аяқтады. Бұл мәлімдемеде Құдс пен Голан жоталары арабтың басып алынған жерлері деп аталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам ынтымақтастық ұйымы: «Құдсты сионистік режимнің астанасы деп ресми түрде танитын кез келген заңсыз әрі жауапсыз шешім теріске шығарылады»,-деп мәлімдеді.

Сонымен қатар бұл мәлімдемеде: «Израильді 1967 жылы басып алынған Палестина жерлерінен, әсіресе Құдстан шығармай Таяу Шығыс аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздік  орнамайды»,-делінген.

Ислам ынтымақтастық ұйымы Сирияның Голан жоталарын басып алынған жерлер деп атап, АҚШ-тың бұл жоталардың Израильге қосылғаны туралы шешімін ресми түрде танымауға шақырды.