Палестиналықтар «Ғасыр мәмілесі» жобасы мен Бахрейн конференциясына қарсы шеруге шықты
Маусым 25, 2019 15:26 Asia/Almaty
Мыңдаған палестиналық Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Ромалла мен Дженин қалаларында Бахрейн конференциясы мен «Ғасыр мәмілесі» жобасына қарсы шеруге шықты.
Палестинаның ақпарат орталығының мәліметінше, шеруге қатысушылар Бахрейндегі экономикалық отырысты палестиналық армандарға қарсы америкалық-сионистік қастық деп атап, АҚШ Президенті Дональд Трамп, сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху мен отырысқа қатысып отырған араб елдеріне қарсы ұрандар айтты.
«Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асырудын бірінші кезеңі болатын Бахрейн отырысы бүгін және ертең Манамада өтеді.
Тегтер