Башар Асад: Сирия АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қарсы Иранды қолдайды
Сирия Президенті Дамасктің АҚШ қоқан-лоққыларына қарсы Теһранды қолдайтынын қуаттады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сирия Президенті Башар Асад дүйсенбіде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Хосейн Амир Абдоллаһианмен Дамасктегі кездесуінде: «Сирия АҚШ-тың Иран халқына қарсы қоқан-лоққылары мен заңсыз әрекеттерінің алдында Иранды қолдайды»,- деді. Хосейн Амир Абдоллаһиан да бұл кездесуде ИИР-ның АҚШ үкіметінің дұшпандық саясаттарына қарамастан өз халқының мүдделерін қорғайтынын қуаттады.
Сирия мен Иранның екіжақты қарым-қатынастары, Сириядағы лаңкестікпен күресу, аймақ жағдайы Сирия Президенті мен дүйсенбіде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісінің сұхбаттарының ең маңызды тақырыптарынан болды.