Иран Бахрейнде наразылардың өлім жазасына кесілуін айыптады
(last modified Sun, 28 Jul 2019 12:54:55 GMT )
Шіл 28, 2019 18:54 Asia/Almaty
  • Иран Бахрейнде наразылардың өлім жазасына кесілуін айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні кешке Манама үкіметінің наразыларды өлім жазасына кесуге қатысты шарасын қатаң айыптап: "Полициялық және қауіпсіздік шараларын күшейту Бахрейндегі дағдарысты шешуге көмектеспейді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Аббас Мусави Бахрейнде қамауға алынғандардың азапталғаны, мойындауға мәжбүрленгені, әділетсіз сотталып, өлім жасасына кесілгені және халықаралық ұйымдардың Бахрейн үкіметінен өлім жазасын орындауды тоқтату туралы өтініш жасағаны жайлы ақпараттарға тоқталып: "Бахрейн үкіметінің наразыларды өлім жазасына кесуіне қатысты шарасы бұл үкіметтің рационалды жолды таңдап, өз халқының мұң-мұқтажымен танысу арқылы өзі тудырған дағдарысты шешуге талпынудың орнына бұрынғыдай наразыларды басып-жаншуға бағытталған қате саясатын жалғастырып отырғанын көрсетті",-деді.  

Бахрейннің 2 саяси белсендісіне қатысты өлім жазасын орындау БҰҰ мен адам құқығын қорғаушы ұйымдардың, соның ішінде Халықаралық кешірім ұйымы мен адам құқығын бақылау ұйымының жұма күні Халифе әулеті режимінен бұл үкімді орындауды тоқтата тұруды сұраған жағдайында орындалды.