Ислам революциясының жетекшісі Халифе әулеті режимінің Бахрейндегі соңғы қылмысына реакция білдірді
Там 01, 2019 16:02 Asia/Almaty
Бахрейндегі Халифе әулетінің режимі қолынан екі бахрейндік шәһид болғаннан кейін Ислам революциясы жетекшісінің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесінің баспасөз қызметінің Twitter-дегі жеке парақшасы хазірет аятолла Хаменеидің осы қылмысқа қатысты ұстанымын жариялады.
Ислам революциясының жетекшісі осы оқиға туралы: "Зұлымдық пен зорлықтың ғұмыры ұзаққа бармайды. Әділеттікті талап ететін халықтардың ерік-жігері мен шешімі ақырында жеңіп шығады",-деді.
Халифе әулетінің режимі елде наразыларды басып-жаншуды жалғастырып, өткен сенбіде бахрейндік екі жас жігіт 24 жастағы Ахмад әл-Малали және 25 жастағы Әли әл-Арабты азаптап, артынан өлім жазасына кесті.
Тегтер