Зариф: Мұсылмандар сионистердің зұлымдығын доғару үшін бірігуі керек
(last modified Mon, 12 Aug 2019 12:39:33 GMT )
Там 12, 2019 18:39 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі сионист әскерилердің әл-Ақса мешітінде намазхандарға жасаған шабуылына реакциясында зұлымдықты доғару үшін мұсылмандардың бірігуі қажеттігін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында сионист әскерилердің әл-Ақса мешітінде палестиналық әйелдерге шабуыл жасағанын көрсететін суреттерді жариялап: "Бұл лаңкестер палестиналықтарға "Ғасыр қорлығын" таңуға үміттеніп отыр, алайда мұсылмандардың күш біріктіріп, осы зұлымдықты доғаруға қуаты жетеді",-деп жазды.

Палестина қарсыласу қозғалысы (Хамас) өз мәлімдемесінде сионистердің жексенбі күні әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіруін айыптап, бұл мешіттің қызыл сызық екенін баса айтты.  

Израильдің Ішкі қауіпсіздік министрі Гилад Эрдан жексенбі күні кешке Құрбан айт күні әл-Ақса мешітіне басып кірген сионистік қалашық тұрғындарының санын 1750-ден аса адам деп жариялады.

Сионист әскерилер мен қалашық тұрғындары Құрбан айт күні әл-Ақса мешітіне шабуыл жасап, кемінде 65 палестиналықты жаралады.

Құдсты басып алған режимнің әскерилері, сондай-ақ, әл-Ақса мешітінде палестиналық намазхандардың бірқатарын қамауға алды.