Сейіт Хасан Насролла: Зариф – әлемдегі пұтқа табынушылар алдындағы ақиқат жаршысы
Ливан Хезболласының бас хатшысы сәрсенбі күні кешке ИИР Сыртқы істер министріне хатында АҚШ тың Мұхаммад Джавад Зарифке салған санкциясын айыптап, осы әділетсіздікпен күресте оған тілеулес екенін мәлімдеді.
Al‑Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла Мұхаммад Джавад Зарифке жолдаған хатында: «Сіз барлық халықаралық орталарда халық пікірін айқын жеткізетін тұлғасыз және әлемдегі пұтқа табынушылар алдындағы ақиқат жаршысысыз»,‑деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы АҚШ‑тың ИИР‑ға қарсы жауластық әрекеттері мен санкцияларына тоқталып: «АҚШ 2006 жылы Ливанның қарсыласуынан жеңіліс тапты. Енді ол Иран сияқты мықты ел мен оның жетекшісіне қалай қарсы тұра алады?»,‑деді.
Сейіт Хасан Насролла АҚШ‑тың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонның Иранға қоқан-лоққыларына тоқталып: «ИИР жүйесіне қоқан-лоққы жасайтын Болтон өз өмірінде ешбір салада жеңіске жете алмады»,‑деді.