Қарсыласу шейхі Зарифтің дипломатиясын қолдады
(last modified Thu, 15 Aug 2019 20:10:33 GMT )
Там 16, 2019 02:10 Asia/Almaty
  • Қарсыласу шейхі Зарифтің дипломатиясын қолдады

Ливан Хезболласының бас хатшысы ИИР Сыртқы істер министріне жолдаған хатында АҚШ тың Мұхаммад Джавад Зарифке салған санкциясын айыптап, қарсыласу қозғалысының Зарифпен бірге екенін қуаттады.

Сейіт Хасан Насролла сәрсенбі күні кешке Иран Сыртқы істер министріне жолдаған хатында: «Сіз барлық халықаралық орталарда халық пікірін айқын жеткізетін тұлғасыз және әлемдегі пұтқа табынушылар алдындағы ақиқат жаршысысыз»,‑деді.

АҚШ Қаржы министрлігі 2019 жылы31 шілдеде ИИР Сыртқы істер министрінің аты‑жөнін санкция салынғандар тізіміне енгізді. АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметінің бұл шарасы Батыс Азия аймағындағы қарсыласу өзегі дипломатиясының әсерлі болғанын көрсетеді. Қарсыласу өзегі соғыс алаңында қаншалықты жеңімпаз болса, дипломатия алаңында соншалықты сәтті болып отыр.

ИИР‑ның АҚШ пен оның одақтастарының Батыс Азия аймағындағы, әсіресе Ливан, Сирия, Ирак пен Йемендегі саясаттарын залалсыздандырудағы сәтті де әсерлі дипломатиясы – қарсыласу қозғалысының осы аймақ теңгеріміндегі жеңістері мен жетістіктерінің жалғасы.

Иранның үздіксіз кеңесіп, белсенді дипломатия жүргізуі Батыс Азия аймағындағы түрлі дағдарыстарды диалог жолына түсірді. Сирия дағдарысы – мұның айқын дәлелі. Иран дипломатиялық аппаратының Астана процесін қалыптастырудағы үздіксіз талпыныстарының нәтижесінде АҚШ‑тың қатысуынсыз Сирия дағдарысын шешуге бағытталған дипломатиялық желі пайда болды.

Сирия дағдарысын шешуге арналған Астана процесі аясында 15‑ке жуық отырыс өткізу Иранның тиімді дипломатиясының жеңгенін көрсетеді. Бұл ел Ресей және Түркиямен сындарлы әріптестік жасай отырып, араб‑батыс‑иврит үштігінің Сириядағы қастандығын жеңіліске ұшыратты.

Бұл дипломатия жалпы Батыс Азия, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы және Сирия майданындағы өздерістерді толықтырады. Майдандағы және саяси алаңдағы үдерістер теңгерімді бір мезгілде аймақ елдеріне қарай бұрып, АҚШ‑ты тығырыққа тіреді.

Қарсыласу өзегінің майдандағы және димломатиядағы үйлесімді әрекеттері АҚШ пен оның одақтастарының саясаттарын жеңіліске ұшыратып, қарсыласу шейхінің айтуынша, ақиқаттың жалғанды жеңетіні туралы белгі берді.  

Иран Сыртқы істер министрінің халықаралық орталардағы ағартушылық жұмыстары мен тоқтамға келтіре алу қабілеті Батыс Азия, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы қастандықтарды залалсыздандырды.

Иранның Парсы шығанағында күш‑қуатын көрсетуі және Зариф дипломатиясын алға тартуы АҚШ пен оған бағынышты режимдерді осы аймақта кеме қатынасының қауіпсіздігін сақтау деген сылтаумен коалиция құруды ойлауға  мәжбүрледі. Бұл олардың қарсыласу өзегінің жеңістеріне ықпал еткені үшін Иранмен жауласып отырғанын көрсетеді.

Парсы шығанағы, Сирия мен Йемендегі саяси және әскери өзгерістер Иранның саяси және майдандық теңгерімдерде өзекті рөл ойнайтынын көрсетеді. Иран дипломатиялық салада да, соғыс алаңында да өзінің айбыны мен күш‑қуатын көрсетті.

Осындай жағдайда Ливан Хезболласы бас хатшысының айтуынша, АҚШ ИИР‑дай ірі елге санкция салып, жауластық әрекеттер жасауы нәтиже бермейді, өйткені АҚШ Ливанға санкция салса да, оның қарсыласуынан жеңіліс тапты.