Сейіт Хасан Насролла: Израиль өз басқыншылықтарының жазасын алады
(last modified Sun, 01 Sep 2019 08:10:58 GMT )
Қыр 01, 2019 14:10 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла: Израиль өз басқыншылықтарының жазасын алады

Ливан Хезболласының бас хатшысы сенбі күні кешке сионистік режимнің Ливанға басқыншылықтарын айыптауда ұлттық бірауыздылықтың барын айтып: «Израиль өз басқыншылықтарының жазасын алады»,-деді.

Press TV-дің хабарлауы бойынша, сейіт Хасан Насролла Бейруттың оңтүстігіндегі Захияда Мұхаррам айы мен әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту күндерінің басталуына орай сөйлеген сөзінде Ливан Президенті, Парламент төрағасы, Премьер-министрі мен басқа да басшылардың қарсыласу қозғалысын қолдауына  алғыс білдіріп: «Қарсыласу қозғалысы Израильдің жуырдағы шабуылдарына Ливан жерінен жауап береді»,-деді.     

Ливан Хезболласының бас хатшысы: «Ливан қарсыласу қозғалысы белгілі бір тактика аясында өзінің еркі мен тілегі негізінде Израильдің басқыншылықтарына реакция білдіретін қолайлы мезгіл, мекен мен жағдайды таңдайды»,-деді.

Сейіт Хасан Насролла Ливан Хезболласында жеткілікті көлемде нысанаға дөп тиетін зымырандар барын айтып: «Қарсыласу қозғалысы Израильмен үлкенді-кішілі қақтығысқа дайын»,-деді.  

Ливан Хезболласының бас хатшысы: «Израильдің басқыншылықтарына кесімді жауап беріледі. Бұған күмән болмасын»,-деді.