Насролла: Қарсыласу қозғалысы АҚШ пен Израильдің қысымдарына бас имейді
Ливан Хизбулласының бас хатшысы қарсыласу қозғалысының АҚШ пен Израильдің қысымдарына бас имейтінін айтып: "Санкция да, кедейлік пен аштық та қарсыласу қозғалысының ерік-жігеріне нұқсан келтіре алмайды",-деді.
Сейіт Хасан Насролла дүйсенбі күнгі Ашура түнінде Бейруттің оңтүстігіндегі Захия ауданында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті мен сионистік режим Премьер-министріне: "Біз барлық қоқан-лоққылар мен қауіп-қатерлер, соның ішінде санкциялардың күшейтілуіне қарамастан имам Хұсейннің (ғ.) жолында қадам басу үшін бар күш-жігерімізді жинап, дұшпандарға қарсы үлкен күресті жалғастырамыз",-деді.
Сейіт Хасан Насролла Ливан қарсыласу қозғалысының Ислам революциясы жетекшісінің жолнұсқауларын ұстанатынын айтып: "Бүгінде АҚШ, Израиль мен олардың қолшоқпарлары біздің қарсыласу қозғалысымыздың қосынын қоршауға алуды көздеп отыр. Бірақ бұл қосынның қолбасшысы – имам Хаменеи, ал орталығы ИИР-да. Олар қоршауға алу, аштыққа ұшырату немесе соғыс ашудан қорқып, тізе бүкпейді. Біз қасық қанымыз қалғанша қарсыласу қозғалысын қолдаймыз",-деді.