Сионистік әскерилердің Рамалла қаласына шабуылынан ондаған палестиналық жараланды
Ақпарат көздері сионистік әскерилердің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласына шабуылынан ондаған палестиналықтың жараланғанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің бейсенбі күні Al-Alam телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік әскерилердің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина автономды құрылымының орталығы Рамалла қаласына шабуыл жасап, палестиналықтармен қақтығысуы салдарынан ондаған палестиналық жараланды.
Осы мәлімет бойынша, бұл қақтығыста ондаған палестиналық көзден жас ағызатын газдың әсерінен зақымданған.
Бұдан бұрын Ливанның Al-Mayadeen арнасы сионистік режим әскерилерінің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірнеше ауданға шабуыл жасап, 23 палестиналықты тұтқындағанын хабарлаған болатын.
Сионистер өздерінің экспансиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін күнде Палестинаның әртүрлі аудандарына шабуыл жасап, палестиналықтарды жалған айыптармен қамауға алып жатыр.
Қазір шамамен 6 мың палестиналық Израильдің түрмелерінде тұтқында жатыр. Олардың арасында 62 әйел мен 300 бала бар.