Түркия армиясының шабуылында Сирия күрдтерінен жүздеген адам қаза тапты
(last modified Sun, 13 Oct 2019 09:32:56 GMT )
Қаз 13, 2019 15:32 Asia/Almaty
  • Түркия армиясының шабуылында Сирия күрдтерінен жүздеген адам қаза тапты

Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтер жасағының ақпарат хатшысы Түркия армиясының шабуылында осы жасаққа қарасты 300-ге жуық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Сирияның демократиялық күштері" деп аталатын күрдтер жасағының ақпарат хатшысы Радвар Халил Түркия армиясы шабуылының Сирия мен Түркия шекарасы маңындағы аудандарда 100 мың тұрғынның босып кетуіне себеп болғанын айтты.

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі осы күнге дейін Сирияның демократиялық күштеріне қарасты  277 адамның қаза тапқанын растады.

Осындай жағдайда Сирияның адам құқығын қорғау ұйымы Түркия армиясының сенбі күні Сирияның солтүстік-шығысына шабуылдары салдарынан осы елдің 10 азаматының қаза тапқанын хабарлады.

 

Тегтер