Путиннің арнайы өкілінің Теһрандағы кеңесуінің өзегі – Сирия мәселесі
(last modified Thu, 17 Oct 2019 13:28:14 GMT )
Қаз 17, 2019 19:28 Asia/Almaty
  • Путиннің арнайы өкілінің Теһрандағы кеңесуінің өзегі – Сирия мәселесі

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кеше сәрсенбі күні Теһранда кездесуінде Сирияның солтүстігіндегі оқиғалар мен Түркия армиясының осы аймаққа жасаған шабуылдарына наразылық білдіріп: «Аймақта қауіп-қатерді арттырып, дағдарысты ушықтыруға себеп болатын кез келген әрекет дереу тоқтатылуы керек», - деді.

 

Иран мен Ресей Түркиямен бірге 2014 жылдан бері Сирия дағдарысын шешу мақсатында жақсы серіктестік жасап келді.

Осы аяда «Астана» үдерісі қалыптасып, Сирия дағдарысына қатысты әртүрлі келіссөздер өтіп, нәтижесінде осы елдің саяси және соғыс майдандарындағы оқиғалары мен өзгерістерінде тұрақтылық пайда болып, Сирияда қауіпсіздік орнатылғандай болды.

Сыртқы істер министрліктері деңгейіндегі  кеңесулер Иран, Ресей, Түркия елдерінің басшылары деңгейінде де өткен болатын. Оның соңғы кезеңі Түркияның астанасы Анкарада өтті. Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін, ұлттық тәуелсіздігін сақтау, лаңкестікпен бірлесе күресу осы үш ел басшыларының әрдайым қуаттаған тақырыптары болды. Бұл Астана үдерісінің табысты болғанын көрсетеді.

Астана үдерісі Американың қалауынан тыс саяси үдеріс. Осы үдерістің аясында Сирияның саяси және майдандық оқиғалары мен өзгерістері дұрыс бағытқа түсті. Ортақ үдерістің Сирия дағдарысын шешудің жалғыз жолы екендігі мен біржақты әрекеттердің дағдарысты шешуге көмектеспейтіні дәлелдене түсті.

Түркия Үкіметі Сириямен шекараларында қауіпсіздік тұрғысынан алаңдаушылықтарға ие болғанымен оның шешім жолы біржақты әрекеттерге барып, Сирияның солтүстік-шығысына шабуыл жасау емес. Сирия Үкіметімен ортақ ынтымақтастық аясында және «Адана» келісімін жүзеге асыру Түркия Үкіметінің алаңдаушылықтарын шешетін ең жақсы тәсіл.

Түркияның біржақты әрекеттері бұл елдің алаңдаушылықтарын шешуге көмектеспейтінімен қатар аймақта дағдарысты арттыруға негіз дайындап, соңында барлық елге зиянын тигізеді. Лаңкестердің Азияның Батысындағы құзыры барлық мемлекет үшін қатер. Сирия үкіметі лаңкестерді жеңуі үшін барлық мемлекет көмектесуі керек.

 

 

 

Тегтер