Хасан Насролла: Дұшпан миллиондаған халық қатысқан «Арбағин» шеруіне алаңдауда
(last modified Sat, 19 Oct 2019 13:33:26 GMT )
Қаз 19, 2019 19:33 Asia/Almaty

Ливан Хизболласының Бас хатшысы: «Миллиондаған халықтың Кербалада жиналуы тарихта бұрын-соңды болмаған оқиға. АҚШ пен сионистер, әлемнің үстемшілдері мен залымдары миллиондаған халық қатысқан «Арбағин» шеруін көріп, алаңдап отыр»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Хасан Насролла бүгін сенбі күні Баалбак қаласында «Арбағинге» байланысты рәсімде сөз сөйлеп: «Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағин» рәсіміне миллиондаған халықтың жиналуы сынды жиынды әлемнің ешбір жерінен көрмейміз. Әлемнің әртүрлі елдерінен, тіпті Еуропа мен Америкадан да халық Кербалаға келеді. Бұл шеру әлемдіктерге имам Хусейн (ғ.с.) мен «Хусейндік көңіл-күйді» таныстырады»,- деді. Хизболланың Бас хатшысы сондай-ақ Ливандағы бейберекеттіктерге тоқталып: «Үкімет пен саяси топтардағы кейбір адамдарр өз міндеттерінен алыстап, оларды басқаларға жүктегісі келеді. Бұл әрекет ұлттық, ахлақи және адами негіздердің жоқтығы мен ел мен халықтың тағдырына немқұрайдылық танытудың белгісі. Бір-бірімізге көмектесіп, экономика мен халықтың жағдайын жақсартуымыз керек»,- деді.