Асад: Ресей мен Түркияның келісімі уақытша
Сирия Президенті Ресей мен Түркияның Сирияның солтүстік-шығысындағы дағдарысты шешу жөніндегі Сочи келісімін уақытша келісім деп атады.
Сирия Президенті Башар Асад елінің теледидарына берген сұхбатта Ресей мен Түркияның келісімін Түркияның ашкөздігін бақылауға алып, америкалықтардың жолын жабу және Түркия мен Сирияның шекара аймақтарында халықаралық қауіпсіз аймақ орнату жөніндегі Германияның жобасына қарсылық білдіретін уақытша келісім деп атады. Башар Асад Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен кездесу ықтималына реакция білдіріп: «Егер бұл кездесу нәтиже берсе және Сирияның мүддесіне болса, кездесуге болады»,- деді. Башар Асад АҚШ-тың ДАИШ лаңкестік тобы қолбасшысының өлімі туралы уәждері туралы: «Дамаск ДАИШ лаңкестік тобының қолбасшысы Абубакр әл-Бағдидың өлтірілген, өлтірілмегенін білмейді. АҚШ-тың Абубакр әл-Бағдадиды өлтіруіне байланысты жаңа жобасы бұл елдің айла-шарғысының келесі бір бөлімі, өйткені әл-Бағдади АҚШ абақтыларында болған»,- деді.