Сейіт Хасан Насролла: Хезболла жауапкершілікті қабылдауға күш салып жатыр
Ливан Хезболласының Бас хатшысы Ливанның ішкі өзгерістеріне тоқталып: «Өткен екі аптада дұшпандардың жанжалдар мен азаматтық соғыс ашу үшін құрған жоспарлары мен қастандықтарынан алыстадық. Қолда бар мәліметтер бойынша, ақша берген және тынышсыздық тудыруға итермелеген адамдарды білеміз» деді.
Iran Press ақпарат арнасының хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла жұма күні ғұлама сейіт Мұртаза әл‑Амолиді еске алу рәсімінде наразылықтар барысында айтылған балағат сөздерді бұрын‑соңды болмаған мақсатты әрекет деп атап: «Біреулер қатты балағат сөздер айту үшін ақша берген. Ливан халқының көбі ыстық және суық қаруға ие болғандықтан, дұшпан халық арасында қақтығыс тудыруға күш салған.
Осы уақытқа дейін Ливанда «Хезболла үкіметі» деген атпен үкімет құрылған емес. Мұндай тіркесті қолданатын адамдар барлық сәтсіздікті Хезболлаға жапқысы келеді»,‑деді.
Ол Саад әл‑Хариридің отставкаға кеткеніне тоқталып: «Хезболла әу бастан бұл отставканы құптамайтынын айтты»,‑деді.