Зариф ЭЫҰ-ның әлеуеттерін экономикалық интеграция үшін пайдалануды сұрады
Иран Сыртқы істер министрі ЭЫҰ-ның әлеуеттерін осы аймақтағы экономикалық интеграция үшін пайдалану керек екенін айтып: "ЭЫҰ-ның аймақішілік қосымша шаралары атқарылуы тиіс",-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Түркияның Анталия қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 24-ші отырысында: "ЭЫҰ жарты миллиард адамды қамтып, өте жақсы географиялық позиция, бай кен және қуат көздері, дамыған адам ресурстары, ірі сауда нарығы, мәдени және тарихи ортақтықтарға ие болып отырғандықтан халықтардың жан-жақты ынтымақтастығы үшін қажет барлық жағдайға ие",-деді.
Зариф отырыстың күн тәртібіндегі басты тақырыптың осы аймақ халықтарының әл-ауқатын арттырып, бейбітшілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ортақ бай құндылықтарды сақтап, ЭЫҰ-ның біртұтастығын қалыптастыру болуы қажеттігін айтып: "Осы мақсатқа жету үшін әріптестік құрылымы қайта қарастырылуы керек",-деді.