Зариф: Шетелдік күштердің Ауғанстаннан шығуы бейбітшілік пен келісімге кепілдік береді
(last modified Tue, 10 Dec 2019 08:25:14 GMT )
Жел 10, 2019 14:25 Asia/Almaty
  • Зариф: Шетелдік күштердің Ауғанстаннан шығуы бейбітшілік пен келісімге кепілдік береді

Иран Сыртқы істер министрі Зариф шетелдік күштердің Ауғанстаннан шығу уақытын жариялауы АҚШ үкіметіне ұлттық бейбітшілік пен татуласу үдерісін дайындауға қажет жағдай тудыратынын аййтты.

 

Мұхаммад Джавад Зариф кше, дүйсенбі күні «Азия жүрегі – Стамбұл үдерісі» атты Сыртқы істер министрлердің сегізінші форумында Ауғанстандағы бірлікті сақтау қажеттігін қуаттап: «ИИР   Ауғанстанның барлық саяси топтары мен фракциялары, әсіресе «Талибан» және Ауғанстан үкіметінің қатысуымен басталған  бейбітшілік үдерісін қолдайды»,- деді. Зариф шетелдік күштердің орналасуының Батыс Азия аймағына  ешқандай тұрақтылық әкелмегеніне тоқталып: «Сирия мен Иракта ДАИШ пен басқа экстремистік топтардың құрылуынан ешкім пайда көрмегендей, олардың Ауғанстан мен Орталық Азияда таралуынан да ешкім пайда көрмейді»,- деп баса айтты.