Қажы Ғасем Солейманиге жасалған террор – АҚШ-тың соғыс қылмысының айқын үлгісі
(last modified Sat, 04 Jan 2020 03:24:12 GMT )
Қаң 04, 2020 09:24 Asia/Almaty
  • Қажы Ғасем Солейманиге жасалған террор – АҚШ-тың соғыс қылмысының айқын үлгісі

Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес жұма күні таңертең АҚШ тікұшақтарының Бағдад халықаралық әуежайына шабуылы барысында шәһид болды.

 

АҚШ Қорғаныс министрлігінің мойындауымен және АҚШ Президенті Дональд Трамптың тікелей бұйрығымен генерал Ғасем Солейманиге жасалған террор –  АҚШ-тың лаңкес үкіметі жасаған соғыс қылмысының айқын үлгісі әрі оның ИИР жүйесімен жауластығының шарықтау шегі.

АҚШ үкіметі өткен 40 жылда ИИР-ға қарсы көп қылмыс жасады. Экономикалық қысым мен санкциялар, әскери амалдар мен төңкеріс, жанама соғыс, лаңкестік топтарды құру, Ираннан үркіту, гибридтік соғыс, ғалымдар мен әртүрлі лауазымды тұлғаларға террор жасауы осындай қылмыстардың қатарына жатады.

Сардар Ғасем Солейманиге жасалған террор АҚШ үкіметі мен лаңкестік топтар арасында ажырағысыз өте жақын байланыстың барын көрсетті. Ғасем Солеймани  лаңкестікпен, әсіресе даиштік лаңкестікпен күресте мықты тәжірибеге ие. Ол Иракта ғана емес, Сирияда да лаңкестік топтармен күресте айшықты рөл атқарды. Тіпті Guardian газеті бірнеше күн бұрын оны әлемдегі ең үздік 10 тұлғаның бірі ретінде атап: "АҚШ пен Израиль бірнеше рет оның көзін құртуға талпынды",-деп жазған болатын.

АҚШ-тың Foreign Policy журналы да өткен жылы сардар Ғасем Солейманиды  қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы 10 үздік тұлғаның қатарына қосты.  Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысына осындай мәртебе беру оның Ирак пен Сирияда лаңкестікпен күресте атқарған айрықша рөліне байланысты болғаны анық. 2011 жылы Батыстың қастандығы,  Сауд Арабиясы сияқты елдердің қаржылай қолдауының арқасында аймақта ДАИШ пен Джебхат ун-Нусра сияқты лаңкестік және тәкфирлік топтар құрылғанда Ғасем Солейманиге  Ирак пен Сириядағы қоқан-лоққылармен күресу үшін жаңа міндет жүктелді.

Шәһид Сулеймани Иракта "Хашд әш-Шааби" халықтық күштерін, Сирияда "Отан қорғаушылар" күштерін құрды. 6 жыл ішінде бұл екі елде лаңкестердің барлық позициясы жойылды десе болады.

Сардар Ғасем Солеймани  Иракта ДАИШ-тің қайта жандануының алдын алу мақсатында "Хашд әш-Шааби" халықтық күштерінің көмегімен ДАИШ-тен қалған лаңкестермен күресіп жатқан кезде 2020 жылдың 3 қаңтар күні таңертең Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандеспен бірге америкалық күштер өлтірді.

ДАИШ-тен қалған лаңкестер соңғы екі айда америкалықтар, саудиялықтар мен сионистердің араласуы салдарынан Иракта қалыптасқан тынышсыздық пен тұрақсыздықты пайдаланып, осы лаңкестік топты қайта жандандыруды көздеді. АҚШ Президенті Ғасем Солеймани  мен Абумаһди әл-Моһандеске террор жасауға бұйрық беру арқылы Ирактағы осы лаңкестік топқа көмектесу жолында үлкен қадам жасады.