Асад: Сирия халқы шәһид Солейманиді ешқашан ұмытпайды
Сирия Президенті Башар Асад Ислам революциясы жетекшісіне жолдауында сардар Ғасем Солейманидің шәһид болуына байланысты көңіл айтып, Сирия халқының шәһид Солейманиді ешқашан ұмытпайтынын қуаттады.
Башар Асад өз жолдауында: "Бұл қылмыстың қарсыласу ағымының АҚШ-тың аймақтағы бүлдіргі саясаттары мен әлемнің бүкіл шапқыншы күштерімен қарсыласуды жалғастыру жігерін арттыратынына толық сенімдіміз. Шәһид Солейманидің Сирия араб армиясымен бірге бұл елді терроризм мен оның демеушілерінен қорғағаны еш уақытта ұмытылмай, сириялықтардың есінде мәңгі қалады. АҚШ үкіметі іске асырған қылмыс бұл үкіметтің аймақ пен әлем деңгейінде сионистік және отаршыл жобаларын іске асыруды көздеп, лаңкестік пен тәртіпсіздік және талан-таражды қолдайтын саясат ұстанатынын қуаттайды",- деп жазды.