Ирак халқының көтерілісі – америкалық басқыншылардың шығуын қуаттау
(last modified Fri, 24 Jan 2020 12:16:01 GMT )
Қаң 24, 2020 18:16 Asia/Almaty
  • Ирак халқының көтерілісі – америкалық басқыншылардың шығуын қуаттау

Ирак халқы бүгін жұма күні АҚШ-қа қарсы жаппай шеруге шығып, басқыншы Америка мен оның одақтастарына Ислам мен ел халқының күш-қуатын көрсетті.

 

Ирактың әртүрлі қалалары мен астанасының миллиондаған халқы бүгін таңертеңнен бастап америкалық басқыншы күштерге қарсы шеруге шығу үшін Бағдадта жиналды. Халық Ирактың туын көтеріп, АҚШ пен Израильге және араб жалдамалы басшыларына қарсы ұрандатты. Ирактық шерушілер АҚШ-қа жиіркеніш білдіретін ұрандарымен бірге «АҚШ біздің елден кет!», «АҚШ-қа – өлім!», «Израильге – өлім!» деген ұрандарымен басқыншыларға ашу-ыза білдірді.

Шерумен тұспа-тұс Ирактың Садр ағымының басшысы Мұқтада Садр мәлімдеме жариялап, Ирак пен АҚШ арасындағы қауіпсіздік саласындағы барлық келісімдердің күшін жоюды талап етіп: «Үкімет АҚШ-тың бүкіл әскери базаларын жабуы керек. Егер АҚШ Ирактан шықпаса, онымен басқыншы дұшпан мемлекет ретінде қатынас жасалады»,- деп қуаттады.

 

 

 

Тегтер