Тель-Авивте жүздеген адам "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсы шеруге шықты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i45358-Тель_Авивте_жүздеген_адам_Ғасыр_мәмілесі_жобасына_қарсы_шеруге_шықты
Ақпарат құралдары сенбі күні кешке Тель-Авивтің орталық бөлігінде жүздеген адамның Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" атты бейбіт жобасына қарсы шеруге шыққанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 02, 2020 18:46 Asia/Almaty
  • Тель-Авивте жүздеген адам

Ақпарат құралдары сенбі күні кешке Тель-Авивтің орталық бөлігінде жүздеген адамның Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" атты бейбіт жобасына қарсы шеруге шыққанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл наразылықтар Тель-Авивтің орталық бөлігінде халық, партиялар мен адам құқығын қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Наразылар "Басқа да жол бар", "Біз АҚШ-тың жобасын қабылдамаймыз", "Бейбітшілікті қолдаймыз, Иордан өзенінің батыс жағалауының қосылуын қолдамаймыз" деп арабша-ивритше жазылған плакаттар ұстап, Трамптың жобасына қарсы шеруге шықты.