Сионистік режимнің әуе шабуылы салдарынан Ресейдің жолаушы тасымалдаушы ұшағы жедел қонуға мәжбүр болды
(last modified Fri, 07 Feb 2020 11:06:34 GMT )
Ақп 07, 2020 17:06 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің әуе шабуылы салдарынан Ресейдің жолаушы тасымалдаушы ұшағы жедел қонуға мәжбүр болды

Сионистік режим қырғи ұшақтарының шабуылынан кейін Ресейдің жолаушы тасымалдаушы ұшағы осы елдің Латакиядағы әуе базасына жедел түрде қонуға мәжбүр болды.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі жұма күні таңертең мәлімдеме жасап: «Ресей әуе компаниясына тиесілі Airbus-320 ұшағы 172 жолаушысымен Дамаск әуежайына қонуды мақсат тұтқан. Бірақ сионистік режим қырғи ұшақтары осы қаладағы бірнеше нысанға шабуыл жасады»,‑деп хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі Игорь Конашенков: «Сионистік режим қырғи ұшақтарының Дамаскқа шабуыл жасап, Сирия армиясының әуе‑қорғаныс кешендері іске қосылған соң Теһраннан Дамаскқа аттанған осы жолаушы тасымалдаушы ұшақ нысанаға алынуға жақын қалды»,‑деп қуаттады.

Конашенков: «Израиль қырғи ұшақтарының жолаушы тасымалдаушы ұшақтарды жамылғы ретінде пайдалануы бұл режим әуе күштерінің әдетіне айналып бара жатыр»,‑деді.

Тегтер