Түркия ондаған сириялық сарбаздың өлтірілгені туралы уәж айтты
(last modified Fri, 14 Feb 2020 14:13:22 GMT )
Ақп 14, 2020 20:13 Asia/Almaty
  • Түркия ондаған сириялық сарбаздың өлтірілгені туралы уәж айтты

Түркияның Қорғаныс министрлігі: "Түркия армиясының Идлибте Сирия армиясының позицияларына жасаған шабуылында 63 сириялық сарбаз қаза тапты",-деп уәж айтты.

Түркияның Қорғаныс министрлігі жұма күні Twitter-дегі парақшасында мәлімдеме жасап: "Сирия армиясының 63 сарбазы Түркия күштерінің Идлиб облысына шабуылы салдарынан қаза тапты",-деп уәж айтты.

Түркия мен Сирияның арасында текетірестер көбейгеннен кейін Түркия армиясы бұрынғыдай Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб облысының әртүрлі аудандарында өзінің әскери қару-жарақтарын нығайтып жатыр.

Сирия бір айдан аса уақыт бұрын Идлибті лаңкестерден тазарту амалдарын бастады. Өткен дүйсенбіде алдын ала хабарсыз әрі үйлестірусіз Сирия жеріне кірген Түркия күштері қателіктен нысанаға алынды. Бұл тақырып Дамаск пен Анкара арасында текетіресті күшейтіп жіберді.

Тегтер