Лариджани Теһранның Дамаскқа лаңкестермен күрес жолында қолдау көрсетуін жалғастыратынын қуаттады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Теһранның Дамаскқа лаңкестермен күрес жолында қолдау көрсетуін жалғастыратынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани жексенбі күні Дамаскта Сирия Президенті Башар Асадпен кездесіп: "ИИР Сирияның өзінің барлық аудандарын лаңкестерден тазарта алатынына сенімді",-деді.
Сирия Президенті Башар Асад осы кездесуде кейбір елдердің лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп отырғанын сынап: "Лаңкестер Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибте халықты тұтқынға алып, тірі қалқан ретінде пайдаланып отыр",-деді.
Башар Асад, сондай-ақ, Сирияның кейбір аудандарындағы тынышсыздықтарға тоқталып: "Дамаск ешқашан бұл үдерістің жалғасуына және халықтың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіруіне рұқсат бермейді",-деді.