Насролла: АҚШ-пен барлық салаларда жан-жақты күресу керек
(last modified Mon, 17 Feb 2020 18:11:18 GMT )
Ақп 18, 2020 00:11 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы АҚШ-ты Батыс Азия аймағындағы барлық соғыстарға жауапты деп атап: "Халық қарсыласудың барлық түрлерін қолданып, АҚШ-пен күресуі керек",-деп қуаттады.

Сейіт Хасан Насролла жексенбі күні сардар Қасым Солеймани мен шәһид Абу Маһди әл-Мұһандестің қырқы күні және Иран Ислам революциясының жеңісі күніне орай сөйлеген сөзінде: "АҚШ үкіметі бірнеше апта бұрын сардар Солеймани мен әл-Мұһандеске қастандық жасап, "Ғасыр мәмілесі" жобасын таныстыру арқылы екі ірі қылмыс жасады",-деді.  

Насролла "Ғасыр мәмілесі" жобасымен күресудің басты тірегін палестиналықтардың біртұтастығы деп атап: "АҚШ – әлемдегі лаңкестік пен үстемшілдіктің басты демеушісі. Сондықтан америкалық тауарларға байкот жариялау керек",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "АҚШ "Ғасыр мәмілесі" жобасын таныстыру арқылы басып алынған Палестина жерінде соғыс бастады. Қарсыласу қозғалысы Палестина халқы мен барлық мұсылмандарды қорғап, осы жобамен күресу үшін қолда бар барлық құралдарды пайдалануға міндетті",-деді.