Рухани Идлиб мәселесін шешу үшін Иран, Түркия мен Сирияның үшжақты отырысын өткізуге ұсыныс жасады
(last modified Sun, 01 Mar 2020 10:48:43 GMT )
Нау 01, 2020 16:48 Asia/Almaty
  • Рухани Идлиб мәселесін шешу үшін Иран, Түркия мен Сирияның үшжақты отырысын өткізуге ұсыныс жасады

ИИР Президенті Иран, Түркия мен Сирияның үшжақты отырысын өткізуге ұсыныс жасап: «Идлибтегі лаңкестердің көзін жою және жазықсыз адамдардың жанын сақтау маңызды міндет ретінде назарға алынуы керек»,-деді.

Хасан Рухани сенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбаттасып, Сирия қайшылығын шешу үшін Иран, Түркия мен Ресейдің үшжақты ынтымақтастығының ерекше маңыздылығына тоқталып: «Иран «Астана процесі» аясында үшжақты отырыстың келесі кезеңін өткізуге дайын»,-деп мәлімдеді.

Иран Президенті Астана процесін аймақтың қауіпсіздігі үшін үлкен жетістік деп атап: «Аймақта текетірестердің артуы ешбір елдің мүддесіне сай келмейді. Мәселелерді диалог арқылы шешу керек. Астана процесінің әлсіреуіне жол берілмеуі тиіс»,-деді.

Түркия Президенті телефон арқылы сұхбатта Иранның Сирия өзгерісінде ықпалды рөл ойнайтынын айтып, саяси келіссөздерді Сирия дағдарысын шешудің жалғыз жолы деп атап, Ираннан осы салада көмектесіп, әріптестік жасауды сұрады.  

Тегтер