Батыс жағалауы қосылған жағдайда ПАҚ ешбір келісімге табандылық танытпайды
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху мен оппозициясының басшысы Бенни Ганц 20 сәуірде министрлер кабинетін құруға келісуімен бірге шілде айынан бастап Иордан өзенінің батыс жағалауының бүкіл қалашықтары мен Иордан алқабын басып алынған жерлерге қосу туралы келісімге қол қойды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Палестина Автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббас дүйсенбі күні Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының видеоконференция түрінде өткен саммитінде сионистердің Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алынған жерлерге қосу туралы келісімін сынап, бұл мәселе іске асырылған жағдайда, Палестинаның сионистік режиммен жасаған ешбір келісіміне табанды болмайтынын қуаттады. Махмуд Аббас сондай-ақ, Қосылмау қозғалысының байланыс тобы мүшелері мен халықаралық ұйымдардан Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алынған жерлерге қосуға тыйым салуды сұрады. Қосылмау қоғалысына мүше елдер басшыларының видеоконференция түрінде өткен саммитіне 40 елдің өкілі қатысты.