Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғыстан шығатын ойы жоқ
https://itolqyn.com/news/west_asia-i46648-Сауд_Арабиясының_Йеменге_қарсы_соғыстан_шығатын_ойы_жоқ
Ирандағы Йемен елшісі Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғыстан шығатын шынайы ойы жоқ екенін мәлімдеп: «Егер Рияд басшылары соғысты тоқтатқысы келгенде, атысты тоқтату келісіміне табанды болып, саяси келіссөздер үстеліне отыратын еді»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 06, 2020 14:27 Asia/Almaty

Ирандағы Йемен елшісі Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғыстан шығатын шынайы ойы жоқ екенін мәлімдеп: «Егер Рияд басшылары соғысты тоқтатқысы келгенде, атысты тоқтату келісіміне табанды болып, саяси келіссөздер үстеліне отыратын еді»,- деді.

Сейед Ибраһим әл-Дилами Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әскери шабуыл бастауының мақсаты жөнінде: «Саудиялық шапқыншы, лаңкестік режим АҚШ пен сионистік режимнің ынтымақтастығымен өзінің ішкі және сыртқы мүдделеріне жету үшін Йеменге қарсы соғыс бастады»,- деп мәлімдеді. Әл-Дилами Сауд Арабиясының Йемендегі геополитикалық жағдайын қайтару, саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманды билік басына отырғызу, Риядтың қарамағындағы йемендік топтарға билікті қолына алуға көмектесу мен басқыншы сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруді Рияд басшыларының Йеменге қарсы соғысты бастауының маңызды мақсаттары ретінде атады.