Иорданның батыс жағалауын аннексиялау жобасы аймақтағы зорлық-зомбылыққа себеп болады
Maм 14, 2020 12:58 Asia/Almaty
Сионистік режимнің басшылары Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасын шілде айынан бастап іске асыруға келісті.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, ФАТХ қозғалысының баспасөз өкілі Хасан Хамаил бүгін сәрсенбі күні Палестина халқының «Ғасыр мәмілесі» жобасына ыза білдіруіне тоқталып: «Палестиналықтар сионистік режимнің әрекеттерімен қарсыласады. Бұл режимнің дұшпандық жобалары іске аспайды. Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтарды қорғаулары керек, өйткені АҚШ пен сионистік режим Палестина халқының құқықтарын бұзып жатыр»,- деді. ФАТХ қозғалысының баспасөз өкілі Палестинаның барлық саяси топтарынан қазіргі қатерлі жағдайда бірлікті қолдауды сұрады.
Тегтер