Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасымен қарсыласуды күшейту керек
Maм 15, 2020 17:27 Asia/Almaty
Палестинаны азат ету халықтық майданы басшыларының бірі Маһер Мазһар бейсенбі күні Газа қаласының шығысында Палестинаның жауланып алуының 72 жылдығына байланысты өткен баспасөз отырысында: «Қайшылықтарды тоқтатып, сионистік режимнің шабуылдары мен жобаларымен қарсыласу үшін бірлік қажет»,- деді.
Маһер Мазһар әлем елдерінен палестина халқы мен топтарының сионистік режимнің қылмыстарымен қарсыласуын қолдауды сұрады.
Палестина халқы заңсыз сионистік режим құрылған 15 мамырды «бақытсыздық» күні деп атаған.
Тегтер