Сионистік қалашықтардың құрылысы үшін палестиналықтардың ауылшаруашылық жерлері тартып алынады
Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі сионистік қалашықтар кеңесі палестиналықтардың ауылшаруашылық жерлерінің тартып алынатынын хабарлады.
Палестина ақпарат орталығының мәліметінше, Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі сионистік қалашықтар кеңесі жұма күнгі мәлімдемесінде: «Сионистік қалашықты кенейту үшін Дженин қаласының онтүстік-батысында палестиналықтардың ауылшаруашылық жерлерінің бір мың метрі тартылып алынады», - деп жариялады. Осы мәлімдеме бойынша Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі сионистік Рейхан қалашығының қасында сионист жастар үшін ойын-сауық орталығы салынады. Жобаға сәйкес ойын-сауық орталығы палестиналықтардың ауылшаруашылық жерлерінде орналасады.
Қалашық құрылысы – сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы ең маңызды қылмыстарының бірі. Қалашық құрылысы палестиналықтардың үйлерінің қирауы мен олардың көшуіне себеп болды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі 2016 жылдың желтоқсан айында қалашық құрылысын айыптап, №2334 қарарды бекітті. Бірақ сионистік режим АҚШ үкіметінің қолдауымен қалашық құрылысын жалғастырып келеді.