Сауд Арабиясындағы палестиналық тұтқындар азат етілуі керек
ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының ақпарат өкілі Сауд Арабиясында тұтқында жатқан палестиналықтарды тез арада босатуды талап етті.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС-тың ақпарат өкілі Фузи Бархум Сауд Арабиясындағы палестиналық тұтқындардың физикалық және санитарлық тұрғыдан ауыр жағдайына алаңдаушылық білдіріп: «Эр-Рияд үкіметі тұтқындарды босатуға қажет әріптестік жасаудан бас тартып отыр»,-деді.
Бархум, сондай-ақ, Сауд Арабиясында тұтқындалған ХАМАС мүшесі Мұхаммед әл-Хазаридің жасы келген әрі науқастығына байланысты ауыр жағдайына тоқталып, ауқымды келіссөздер жүргізілгеніне қарамастан саудиялық тараптың оны босатуға келіспей отырғанын айтты.
Сауд Арабиясында 60-тан астам палестиналық ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысына қатысы бар деген айыппен тұтқында жатыр.