Сауд Арабиясының сыртқы қарызы 375 пайызға артты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i47257
Дүниежүзілік банк Мұхаммад бен Салман тақ мұрагері болғаннан бері Сауд Арабиясы сыртқы қарызының 375 пайызға артқанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 22, 2020 17:31 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының сыртқы қарызы 375 пайызға артты

Дүниежүзілік банк Мұхаммад бен Салман тақ мұрагері болғаннан бері Сауд Арабиясы сыртқы қарызының 375 пайызға артқанын хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік банктің ресми статистикасына сәйкес Мұхаммад бен Салман тақ мұрагері болғаннан бері Сауд Арабиясы үкіметінің қарызы бұрын‑соңды болмаған деңгейде артып, 183 млрд долларға жетті.

Осы статистика бойынша Сауд Арабиясының сыртқы қарызы өткен үш жылда бұрын‑соңды болмаған рекорд жасап, 2019 жылдың соңында шамамен 375 пайызға жетті. Эр-Риядтың қарызы 2020 жылы 54 пайыздан асады деп болжанып отыр.